Жамбыл Жабаев – жүз жасаған бәйтерек

24.02.2021

2021 жылғы 24 ақпан күні Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жамбыл Жабаев – жүз жасаған бәйтерек» тақырыбында әдеби кеші өткізілді.

Мақсаты: жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру. Студенттердің сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін, поэзиясын сүйе білуге үйрету. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінің өнерін сүюге тәрбиелеу.

Әдеби кеш барысында даралық сөз тудырған, суырып салма ақынымыз Жамбыл Жабаев туралы бейнебаян көрсетіліп, ақынның «Шағым», «Абайдың суреті», «Балама хат» т.б өлеңдері орыс, қазақ тілінде мәнерлеп оқылды. Сонымен қатар ақын- жазушылардың Жамбылға берген бағасы, ұлағат сөздері айтылды. Нұрсейітов Темірланның орындауында Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» атты күйі ойналып, Ж.Жабаевтың мұражайына саяхат жасалды.

Әдеби кеш соңы Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» атты күйімен аяқталды. Жамбыл Жабаев ащы болса да әділдікті, төтелеп тіке айтқан ақын. Сондықтан ақынның шығармаларын білу, оның поэзиясын сүю, оны бағалай білу барлығымыздың міндетіміз.

Өткізілген әдеби кеш облыстық «МТРК» каналында жарияланды.



Текст
Виртуальная приемная