«DAMU» акционерлік қоғамының экскурсиясы

09.12.2022

Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері «DAMU» акционерлік қоғамының СҚО бойынша өңірлік филиалына барды. Клиенттермен жұмыс жөніндегі бас менеджер Менжесаров Арман филиал қызметінің негізгі бағыттары: кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, әкімшілік кедергілерді азайту, кәсіпкерлерді оқыту және мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктері туралы айтып берді. Бизнесті қолдау жөніндегі республикалық және жергілікті билік органдарының шаралары туралы хабардар етті. Кездесу студенттердің қызығушылығын тудырды, көптеген сұрақтар қойылды, оларға толық жауаптар берілді.



Текст
Виртуальная приемная