Джек Лондон – әлем әдебиетінің классигі

28.09.2021

2021 жылдың 27 қыркүйегінде Солтүстік Қазақстан кәсіптік -педагогикалық колледжінің кітапханасында «Қазақстанның оқырман ұрпағы - 2021» жобасы аясында «Джек Лондон - әлемдік әдебиеттің классигі» тақырыбында әдеби диалог өтті.

Іс-шара мақсаты: студенттерді кітап оқумен таныстыру, шетелдік көркем әдебиетті танымал ету.

Іс-шарада студенттер американдық жазушы Джек Лондонның өмірбаянымен, шығармашылығымен танысты. Оның шығармаларынан үзінділері келтіріліп, батылдық, мақсатқа жетуге деген ынта, жігер туралы әңгіме диалогқа айналды. Жазушының шығармашылығы туралы сынып сағатының ақпараттық материалы оқу сауаттылығына, жалпы әдебиетке қызығушылықты тәрбиелеуге ықпал етті.



Текст
Виртуальная приемная