2022 жылғы 6 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ... Қайда бару керек?». 6 декабря 2022года в Северо- Казахстанском профессионально-педагогическом колледже состоялся круглый стол «Детство без жестокости и насилия… Куда обратиться?» Іс-шараға «Психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК психологы А.З.Асейнова, Петропавл қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы Е. Н. Завьялова, «Ана үйі» ресурстық орталығының аймақтық маманы М.К.Кошембаева, Петропавл қаласының қорғаншылық және қамқоршылық секторының әдіскері М.А.Төлегенова Петропавл қ. ПБ кәмелетке толмағандар по жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полицияның аға лейтенанты Моисеева В.Н., Петропавл қ. ПБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция майоры Ильясова А. С. шақырылды. Дөңгелек үстелге Солтүстік Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының әлеуметтік педагогтары мен ата-аналар қауымы да қатысты. Кездесудің Құзыретті қатысушылары зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларға қатыгездіктің алдын алу бойынша маңызды ұсыныстар берді. Дөңгелек үстел жұмысы кәмелетке толмағандарға қатысты қатыгездіктің алдын алу бойынша сындарлы диалогқа айналды. Іс-шара қорытындысы бойынша тыңдаушыларға қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларға, әйелдерге көмек көрсететін жедел желілердің, дағдарыс орталықтарының, қызметтердің телефон нөмірлері көрсетілген жадынамалар берілді.