«Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы

22.10.2021

Кітапханаға ең жақсы сыйлық, әрине, кітап. Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде «Қазақстанның оқырман ұрпағы – 2021» жалпыұлттық акциясы аясында 2021 жылғы 18-22 қазан аралығында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтті. Акция оқырмандарға кітап қорын қажетті әдебиеттермен толықтыруға бағытталған. Акция барысында кітапхана қоры кітапсүйер қауымға қажетті әдебиеттермен толықты. Бұл тарихи романдар, шытырман оқиғалар, фантастика, оқырмандарға ұзақ жылдар бойы шынайы ләззат сыйлайтын детективтік әңгімелер.

Кітапхана қорына кітапты тегін тапсыратындар, азаматтық ұстанымы жоғары, қоғам алдындағы ерекше борыш сезімі бар адамдар, әдетте, кітаптар өз оқырмандарын табатынын жақсы біледі.

Акцияның мақсаты: студенттерді кітап оқуға тарту, әр түрлі жанрдағы әдебиеттерді танымал ету, кітапқұмарлар қоғамын толықтыру.

Кітапханаға берілген кітаптар «Сыйлыққа алынған кітаптар» кітап көрмесінде ұсынылды.



Текст
Виртуальная приемная