Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті

12.12.2022

2022 жылғы 8 желтоқсанда Астана қаласында «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП 100 студенті» байқауының республикалық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Бұл байқаудың мақсаты-талантты жастарды қолдау, білім, дағдылар мен таланттың арқасында жетістікке жеткен ТжКБ ұйымдарының жұмыс біліктілігі мен үздік студенттерін дәріптеу. Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінен аталған байқауға «Әлеуметтік-мәдени қызметі және халықтық көркемдік өнер шығармашылығы" мамандығының 4 курс студенті Щербинина Анжела қатысты. Анжела-оқу үздігі, Студенттік Парламенттің мәдениет және өнер фракциясының жетекшісі, Петропавл қаласы мәдениет үйінің көркемөнерпаздар ұжымының қатысушысы, халықаралық, республикалық және облыстық шығармашылық конкурстардың жеңімпазы, поэтикалық шығармалардың авторы. Жобаға қатысу үшін конкурсанттар мотивациялық хат жазып, студент жастарды дамыту үшін өз жобасының идеясын ұсынды, өздерін болашақ маман ретінде таныстырған бейнеролик көрсетті. Анжела байқаудың ішкі, өңірлік және республикалық кезеңдерінің жеңімпазы атанды. Анжеланы жеңісімен құттықтап, биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!



Текст
Виртуальная приемная