С.Қ. Бегалинді еске алуға арналған ...

19.02.2021

18-19 ақпан күндері Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде колледж директоры Бегалин Сүйіндік Қазиқанұлын еске алуға арналған жасөспірімдер арасында футзалдан ашық аймақтық турнир өтті.

Жарыс С.Қ.Бегалинді еске алу, жасөспірімдер арасында футболды кеңінен насихаттау мақсатында өткізілді.

Турнирге 7 команда қатысты: медициналық колледждің, құрылыс-экономикалық колледжі, теміржол көлігі колледжі, гуманитарлық-техникалық колледжі, Солтүстік Қазақстан университетінің колледжі, «Үміт» мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы және турнир иелері - Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің футбол командалары.

Жеребе бойынша командалар екі кіші топқа бөлінді.

Жарыстың бірінші күні финалға шығу үшін алдын-ала ойындар өткізілді, екінші күні турнирдің басты трофейі - Чемпиондар кубогы үшін күрес өрбіді.

Турнир қожайындары - кәсіптік педагогикалық колледждің құрама командасы мен теміржол көлігі колледжінің студенттері негізгі финалға өздерінің кіші топтарында жеңіліссіз шықты. Кез-келген болжам жасау қиын болды. Екі команда да мықты болды және сенімді түрде жеңіске жетті.

Кездесу турнир қожайындарының 5:2 есебімен аяқталды. Чемпиондар кубогы осы жолы да өзімізде, «Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі» КМҚК қалатын болды. Турнирде екінші орынды «Б. Әшімов атындағы Петропавл темір жол көлігі колледжі» КМҚК командасы иеленді, «Солтүстік Қазақстан университетінің колледжі» МЕБМ футбол командасы қола жүлдегер атанды.

«Үздік қақпашы» номинациясы бойынша сыйлықты Якубовский Дмитрий (СҚКПК). «Үздік шабуылшы» - Ивашин Иван (СҚКПК), «Үздік қорғаушы» - Мельниченко Данил (ПТЖК), ал «Үздік жаттықтырушы» кубогына Д.А.Ветошкин (СҚКПК) ие болды.

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері С.Қ.Бегалиннің туыстары және жарысты ұйымдастырушылар ұсынған сертификаттармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.



Текст
Виртуальная приемная