«100 жаңа есім»

16.04.2021

Бүгін, 2021 жылдың 16 сәуірінде Солтүстік Қазақстан кәсіптік – педагогикалық колледжінің студенттері СҚО білім беру саласындағы «100 жаңа есім» жобасының қатысушысы, колледждің өндірістік оқытудың аға шебері А.В. Черновпен кездесті.

Іс-шараның негізгі мақсаты оқушыларға патриоттық тәрбие беру, айналасындағыларға және еңбек адамдарына құрмет көрсету, олардың кәсібилігі жастарға үлгі болып табылады.

Солтүстік Қазақстан облысының білім беру саласында «100 жаңа есім» кітабына енген адамдар туралы және аға шебері Алексей Валериевичтің жетістіктері туралы мазмұнды және танымдық әңгіме студенттердің шынайы қызығушылығын тудырды.



Текст
Виртуальная приемная